№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін республикалық жастар форумына қатысушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағындағы тал егу акциясына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әр өңірден келген делегациялар көшет отырғызды.
Форум қатысушылары табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Жастардың экологиялық мәдениетін көтеру, айналаны ластамауды насихаттау үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Еске салайық, аймақта Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтуде. Ертең қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшу сәтін тамашалайды. Ғарыш саласының даму кезеңдерімен, жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысу үшін музейге саяхаттайды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастарының» туларын ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырады.
Сондай-ақ, қонақтар сәулет өнерінің ерекше үлгісі Қорқыт ата мемориалдық кешеніндегі музеймен танысып, мәдени шараның куәсі болмақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
09 сәуір 2025 ж. 131 0