Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 281

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру жүйесі жаңартылады

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру жүйесі жаңартылады

Kyzylorda-news.kz Елімізде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру процесі жаңа технологиялармен жаңартылмақ. Қазіргі уақытта қосымша нақтылық (AR) және компьютерлік көру жүйелері енгізілуі жоспарланған. Бұл жаңашылдықтар емтихан тапсыру кезінде бақылауды нығайтып, үдерісті автоматтандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұдан басқа, еуропа елдерінің табысты тәжірибесі негізінде емтихандарды қабылдау тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу рәсімі қайта қаралатын болады.«Өткен жылы көлік құралдарын тіркеу саласында 3 млн қызмет көрсетілді. Сатып алу-сату шарттарына электрондық қол қою, мемлекеттік тіркеу белгілерін жедел дайындау, автосақтандыру сияқты іс-шаралар жүргізілді. Біз құжаттарды рәсімдеу жөніндегі мемлекеттік корпорацияның платформасын іске қосуды, биометриялық сәйкестендіру және автокөлік тарихын тексеру сервистерін іске асыруды жоспарлап отырмыз», деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жанель Жүсіп

07 сәуір 2025 ж. 240 0