№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СПОРТТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА

СПОРТТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев Жаңақорған ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді.
Іссапар барысында аудан әкімі Мажит Самитовпен бірге спорт нысандарын аралап, спортшылардың тыңғылықты дайындығын көрді.
Басқарма басшысы ең алдымен Басқармаға қарасты №7 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебі мен Жаңақорған кентіндегі спорт кешендерінің барлығын аралап, ондағы жұмыс барысына куә болды.
Бахтияр Ғарифоллаұлы аталмыш мектепке қарасты бокс, еркін күрес, таэквондо, карате, теннис, гандбол, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол және т.б. спорт үйірмелерінде болып, спортшылардың жаттығу жағдайымен танысты. Сонымен қатар, басқарма басшысы мектеп директорына нысандардың жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Одан бөлек, олимпиадалық емес спорт түрлеріне қатысты ескертулер жасап, олимпиадалық спорт түріне ерекше басымдық беру керектігін айтты.
04 сәуір 2025 ж. 147 0