Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жапондық жаттықтырушылар жас спортшыларға оқу-жаттығу сабағын өткізді

Жапондық жаттықтырушылар жас спортшыларға оқу-жаттығу сабағын өткізді

Kyzylorda-news.kz Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және Қызылорда облысының дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Жапония және Моңғолия мемлекетінен арнайы келген жаттықтыршылар Кондо Такеки, Бақыт Одынайұлы, Давааням Алтангэрэл жас спортшыларға оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге Қызылорда қаласына арнайы келді.
Ең алдымен олар қаладағы №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне барып, жас дзюдошылармен кездесті. Одан кейін спортшылармен бірге оқу-жаттығу сабақтарын өткізіп, олардың шеберлігін шыңдау мақсатында негізгі әдіс-тәсілдерді үйретті.
Оқу-жаттығу сабағы соңында спортшылар шетелдік жаттықтырушыларға өз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, спорт мектебі атынан жапондық жаттықтырушы Кондо Такекиға естелік сыйлық табысталды.
Айта кетейік, оқу-жаттығу сабақтары ертең №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжінде жалғасатын болады.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
03 ақпан 2025 ж. 316 0