Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 542

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеді

Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеді

Танымал әнші Қайрат Нұртас Қытай еліне гастролдік сапармен барды. 

Өнер иесінің концерті қалай өткенін продюсері, анасы Гүлзира Үсенқызы айтып берді. 
Арт-директордың сөзінше, қытайлық билік әншіге “Ауырмайды жүрек” атты танымал әнін орындауға рұқсат бермеген. 
“Егер тексеруден өтпеген әндер айтылып, фонограммамен кетсе, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыға қомақты айыппұл салынады. Біздің алдымызда 2-3 әншінің концертін солай тоқтатқан екен. Әрбір әннің сөзін тексеріп, ұйғыр халқының қатты күткен “Ауырмайды жүрек” және тағы 3-4 әнді орындауға рұқсат бермеді. Жанды дауыста айтылу жағы да тексерілді”, – деді продюсер. 

Сондай-ақ өнер иесі қытайлық тыңдарманға рақмет айтып, ықыластарына алғыс білдірді. 
“Тыңдарман қауым бізді күтіп, таңғы 4-ке дейін мейрамхананың алдында отырды. Өте керемет қарсы алды. Не деген ниеті түзу адамдар деп таңғалып отырмын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 
17 наурыз 2025 ж. 242 0