№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ


«Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес». Мемлекет басшысының әйел-ана, қыз-келіншектерге берген осындай жоғары бағасы үлкен сенім жүктейді. Аудандық әйелдер кеңесі жұмысымызды осы бағытта жүйелі жүргізіп келеміз.


Жыл басында ауданда «Руханият» орталығы ашылып, әйелдер кеңесіне арнайы бөлме берілуі тынысымызды аша түсті. 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы осы қатарда тер төгіп жүрген нәзік жандыларға қамқорлықты арттыра түскендей. Республика бойынша әйел-аналардың 68 пайызы жұмысшы маман ретінде тіркелсе, облысымызда 10881 әйел-ана техникалық қызметкер. Ауданымызда 20-55 жас аралығында 956 әйел-ана өндірісте және шаруашылықта тер төгіп келеді. Осындай еңбеккерлерді дәріптеу мақсатында ауданда «Жұмысшы арулар фестивалі» өтіп, «Гүлдей нәзік, болаттай берік» байқауында Байкен-U ЖШС-нің гидрометаллургі Құттығыз Оралбекқызы «Еңбегімен көрікті» номинациясын жеңіп алды.
Бүгінде елдегі кәсіпкер тұлғалардың тең жарымын әйелдер құрайды. Мұндай жоғары көрсеткіштер кәсіпшілікте әйелдер әлеуетінің артқанын көрсетеді. Сондай-ақ, шағын бизнес кәсіпорындарының 60 процентін әйелдер басқарып отыр екен. Мұндай көрсеткіш Сыр өңірінде де көңіл қуантарлық. Оның қатарында жаңақорғандық кәсіпкер әйелдердің де салмағы басым. Аудан бойынша 4 мыңның үстінде кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, оның 30 процентін бұрымдылар бизнесі құрайды. Көпшілігі сұлулық салоны, наубайхана, тігін ісі, сауда-саттық, жекеменшік балабақша, тіс емханасын ашу сынды кәсіпкерлік бағытқа бейімделген.
Аудандағы балабақшалар мен мектептің тізгінін ұстап отырғандардың дені әйелдер. Тарқатып айтсақ, 9 мектеп директоры, 123 балабақша меңгеруішісі, 4 мекеме басшысы, 2 мәслихат депутаты лауазымында әйел-аналар отыр. Жалпы, жеке кәсіпкерлік саласына алғаш түрен салған қыз-келіншектер қатарында «Баян сұлу» тіс емханасының басшысы Баян Божбанбаеваны, «Береке» наубайханасының иесі Ғалия Тұрабаеваны, «Май зауыты» ЖШС төрайымы Гүлнар Мансұрованы, «Өтеміс»» ЖШС-нің директоры Сара Хусейнованы, «Нұр-Әділ» сауда орталығының басшысы Аманкүл Сауранбаеваны, «Марат» шаруақожалығының тө­райымы Рәйлаш Сәруарованы, «Сәдуова» қожалығының жетекшісі Қалмаш Сәдуованы, «Жан» шаруа қожалығының төрайымы Жұмакүл Әжібекованы, сауда дүкендер иесі Бибайша Ділімбетованы ерекше атауға болады.
Халық сұранысына ие кәсіпті дөңгелете білген Әлима Әбілқасымова, Айымтай Әжібекова, Сайлаукүл Есенбекованың да шоқтығы биік. Аға толқынның ізінен ерген Сүттіқұдық ауылындағы спорт кешенінің иесі Гүлжайна Рысбаева, «Арон» кафесінің иесі Айдана Қуатбекова және Бағдат Балғабаева сынды іскер де батыл ізбасарлардың шоқтығын көруге болады.
Осындай жақсы істің басында жүрген ауданның жанашыр қыз-келіншектеріне айтар алғысым шексіз. Сол сияқты, мемлекеттік қызмет саласында жүрген өз ісінің білікті мамандары да жетерлік.
Түйіндей айтқанда, әйел – іскер, білікті басшы, әйел – жылулық, барша әйлемге мейірім шашып тұратын шапағат шуағы. Оған қоса, қазіргі таңда осы нәзікжандылар қау­ымының қоғамдағы рөлін іскерлік және көшбасшылықпен етене байланыстырмаса болмайды. Өйткені, елдегі гендерлік саясатта олардың алатын орны айрықша. Бұл бағытта біз әңгімемізге арқау еткен кәсіпкер әйелдердің барлығы да ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына өзіндік үлесін қосып келе жатқаны айқын.

Ақмарал МАЛИКОВА

08 наурыз 2025 ж. 216 0