№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ұстаз – баланың екінші анасы

Ұстаз – баланың екінші анасы


Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төр – ұстаздікі» деген даналығы ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен маңызын айқындап тұр. Қашан да құрметке лайық ұстаздарды әсіресе әйелдер мерекесінде ұлықтап жатсақ жарасымды. Өйткені, қай-қайсымызда кеше ұстаз алдында тәлім алған шәкірттеріміз. №255 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Елшіманованы мерекемен құттықтап, жылы лебізін бөлісіп қайттық.


Иә, ұстаз – білімнің ғана емес, тәрбиенің де қастерлі шырақшысы. Оның қоғамдағы орны ерекше, себебі ұстаз шәкірттерінің болашағын қалыптастырып, оларға өмірлік бағыт-бағдар беретін басты тұлға. Ол білімнің көзі, рухани ағартушы, болашақтың сәулесін сөндірмей, шәкірттерінің жүрегінде жарқырап тұратын жарық іспеттес.
– Біздің ең үлкен жетістігіміз – шәкірттеріміз. Алдымыздан тәлім алып кеткен балаларымыз қандай да бір жетістікке жетсе еңбегіміздің ақталғаны деп қуанамыз. Білікті ұстаз заманмен бірге дамып, әрдайым білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Жалпы, ұстаздың міндеті білім беру ғана емес, оқушыларды өмірлік маңызы бар құндылықтарға, тәртіпке, адалдық пен жауапкершілікке үйрету. Сондықтан, әрбір сабақта әдіс-тәсілге, сөйлеген сөзімізге мұқият болуға тырысамыз. Сонда бала тек кітаптан үйренген білімді ғана емес, адамгершілік қасиеттерді де бойға сіңіреді. Шәкірттердің тұлға болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды, – дейді Айнұр Нұрланқызы.
Шәкірттерінің адамшершілік қасиеттерін бірініші орынға қоятын ұстаз, бүгінде Билібай ауылындағы №255 негізгі орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол жоғары оқу орнын тәмамдаған соң еңбек жолын Қосүйеңкі ауылындағы №161 орта мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі болып бастаған. Одан әрі Алматы қаласындағы №26 орта мектепте 10 жылға жуық ұстаз болып, 2012 жылы Билібай ауылындағы мектепке ауысты. Бүгінде осы білім ошағында балаларға ағылшын тілінен дәріс беріп, пән бірлестігінің жетекшісі қызметін абыроймен арқалап жүр.
– Мереке қарсаңында ұстаздарды ұлықтап, елеп-ескеріп жатқан біздің ауданның айнасына айналған төл басылымның ұжымына алғыс айтамын. Мереке қарсаңында барша нәзікжандыларды айтулы күнмен құттықтаймын. 8-наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын, - деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.
Ұстаз еліміздің болашағына даңғы жол сілтеуші тұлға. Демек, білім шырақшыларын әрдайым төрге оздырып, құрмет мінберіне шығару міндетіміз.

Айсұлу Алданазар

08 наурыз 2025 ж. 256 0