№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеуге қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеуге қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева елімізде TikTok-тың балаларға әсері туралы пікір айтты, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Оның айтуынша, кез келген зиянды мазмұндағы контент балаларға да, ересектерге де кері әсер етеді.
- Бұл тұрғыда TikTok-ты жасаған Қытайда балаларға осы желіні күніне 40 минут қана пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, онда контентке шектеу қойылған, яғни балаға тек білім беру мен дамуға арналған материалдар ғана көрсетіледі, - деді Наталья Жұмаділдаева Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол TikTok-қа елімізде шектеу қою мүмкіндігіне қатысты түсінік берді.
- Әрине, заңнама аясында мұндай бастамаларды қолдайтын боламыз, - деді бірінші вице-министр.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
03 наурыз 2025 ж. 642 0