№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ақәділ тұғыр төрінде

Ақәділ тұғыр төрінде


Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан жамбы атудан Әлем Кубогына іріктеу жарысында ұлттық құрамада өнер көрсеткен Пернебай Ақәділ жеңімпаз атанды. Ол Әбдіғаппар ауылының тумасы, №7 спорт мектебінің оқушысы. Жерлесімізге бұл жеңіс жолы оңай келмегені рас. Өйткені, спортшы биыл алғаш рет ересектер арасында өнер көрсетуде. Сыр елінің сұрмергені алдағы маусым айында жастар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады.


Айта кетейік, ертең ұлттық құраманың спортшылары мажар стилінде сайысатын болады. Жарыста үздік атанған үш команда Сауд Арабиясында өтетін Әлем кубогының қорытынды финалына жолдама алады.

Қысқаша Ақәділ туралы айта кетейік, жыл соңында Елорда төрінде ұлттық спорт саласындағы үздіктерді марапаттайтын «Алтын тұғыр – 2024» сыйлығына жерлесіміз Ақәділ Пернебай ие болды. Ұйымдастыру алқасының шешімімен аймақ атынан осы номинацияға жаңақорғандық жамбы атушы лайық деп танылды.

Ақәділ Пернебайдың биылғы нәтижесі өте керемет. Жамбы атудан «Азия» стилі бойынша жастар арасындағы ел чемпионы атанса, «Түркі» стилінен күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, ҚР жамбы ату Федерация кубогінің де күміс жүлдесін жеңіп алды. Жалпы Ақәділ жамбы атудан Қазақстанның үш дүркін чемпионы деген дәрежесі бар. Одан бөлек ол Моңғолияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Міне, мергеннің әзірге шыққан шыңы осындай. Оның әлі талай тұғыр төрінен таныларына деп сеніміміз мол.

Әли ТЕМІРБЕК
18 ақпан 2025 ж. 120 0