Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Киевте қазақ суретшілерінің көрмесі өтті

Киевте қазақ суретшілерінің көрмесі өтті

2025 жылғы 6 ақпанда Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Тарас Шевченко атындағы Ұлттық музейінің қолдауымен танымал қазақстандық суретшілерінің сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрме “Уақытты түсіну” деп аталады.
Онда Равиль Абдулов, Салихидин Айтбаев, Юрий Евсеев, Молдағұл Нарымбетов, Сембіғали Смағұлов және Тоқболат Тоғызбаевтың жұмыстары қойылды. Белгілі қазақстандық-украиналық ғалым, Қазақстан Өнер академиясының мүшесі - Рүстем Жанғожаның жеке топтамасынан алынған суреттер.
Көрменің ресми ашылуына Украинаның Жоғарғы Радасының депутаттары, дипломатиялық корпустың, мәдени, ғылыми және іскер топ өкілдері қатысты.
Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің ректоры Владимир Бугров өз сөзінде елдеріміз арасындағы тарихи байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Көрме 2025 жылғы 16 ақпанға дейін жалғасады.

Фото: adyrna.kz
Дереккөз: adyrna.kz
10 ақпан 2025 ж. 199 0