МӘМС-тегі мәртебені қалай жылдам тексеруге болады?

Kyzylorda-news.kz Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер жатады:
- https://msqory.kz/ ресми сайты – парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы – бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot – негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау» пәрмені арқылы.
- Damumed
- Halyk (Халық банкі)
- BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
- Kaspi.kz (Kaspi Bank)
- Forte (Forte Bank)
- Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
- Bereke bank (Bereke Банк)