7 ақпан күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында "Сыр медиа" ЖШС-де оқушылар мен студенттерге экскурсия өтті.

7 ақпан күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында "Сыр медиа" ЖШС-де оқушылар мен студенттерге экскурсия өтті.
Экскурсияны өңірлік тәжірибелі гид-экскурсовод және облыстық "Кызылординские вести" газетінің тілшісі Мира Жакибаева жүргізді.
Эксурсияға "Мансап" жекеменшік мектебінің 9 сынып оқушылары мен Абылай хан атындағы колледж студенттері және олардың оқытушылары қатысты.
Қонақтар серіктестік мұражайында болып, онда сирек кездесетін фотосуреттер,техника, облыстың баспа ісімен байланысты барлық жәдігерлерімен танысты. Сонымен бірге олар подкаст, кәсіби сұхбат пен хабарлар жасауға арналған заманауи студияны тамашалады.
"Сыр медиа" ЖШС Бас директоры Марат Аралбаев мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырып, баспа және электрондық басылымдарға қатысты қоғам алдында қандай міндеттер тұрғанын айтты. Әрі қарай білім алушылар облыстық және республикалық газет, кітап және басқа да типографиялық өнімдер басып шығарылатын заманауи баспахананың жұмысымен танысты.
Баспахана жұмысшылары арнайы техниканың қалай жұмысістейтінін көрсету үшін бірнеше газет көшірмелерінбасып шығарып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Айта кетейік биыл мекемедегі облыстық "Кызылординские Вести" газетінің 95 жылдығы тойланбақшы. Осыған орай, экскурсия қонақтары "Кызылординские вести" ұжымымен кездесті. Газеттің бас редакторы Ботагөз Ажарбаева жастарды ынтымақтастыққа шақырып, болашақта журналист мамандығын таңдағандарға әрқашан есік ашық екендігін айтты.
Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттеріне өңіріміздегі түрлі жұмыс орындарына экскурсия жыл бойы жалғаспақ.