№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 2025 жылы Қазақстанда ақылы жолдар екі есе көбейеді

2025 жылы Қазақстанда ақылы жолдар екі есе көбейеді


Kyzylorda-news.kz
 Көлік министрі Марат Қарабаевтың биыл елімізде қосымша 4 мың шақырым ақылы жолдар енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр Марат Қарабаев қазір Қазақстандағы 3,2 мың шақырым жол ақылы негізде жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, бұл көрсеткіш екі еседен аса артады дейді.
Үкімет отырысында министр бюджетке түсетін жүктемені азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары аяқталған учаскелерге кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіліп жатқанын атап өтті.
"Бүгінде ел бойынша ақылы жол жүйесінің ұзындығы 3 200 шақырым. 2024 жылы түсім 48 миллиард теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылып, олардан 60 миллиард теңге кіріс түседі деп жоспарланып отыр. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін", – деді Қарабаев.
Ведомство басшысының сөзінше, ақылы жолдардан түскен қаржының бір бөлігін жол құрылысы үшін алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатыр.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
05 ақпан 2025 ж. 207 0