Соңғы жаңалықтар

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Көкжөтел ауруы жайлы!

Көкжөтел ауруы жайлы!


Жалпы көкжөтел қандай ауру?
Көкжөтел (коклюш) – тыныс алу жүйесінің қауіпті жұқпалы ауруы. Ол әсіресе булықпа жөтелдің пайда болуымен білінеді. Ауру науқас адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа тамшылары арқылы жұғады.
Науқас алғашқы күндерінен бастап және ауырып қалғаннан ке­йін 30 тәулік бойы инфекция­ны таратуға қабілетті. Нау­қаспен байланыста болған кезде екпе алмаған адамның жұқтыру ықтималдығы 90%-ды құрайды. Ал 2 жасқа де­йінгі балалар үшін өте қауіпті.
Көкжөтел бактериясы тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіретін арнайы токсиндерді шығарады. Салдарынан диафрагма мен бронх бұлшық еттерінің спазмы дамиды және булықпа жөтел деп аталады. Жалпы көкжөтел мектеп жасына дейінгі балаларда жиі пайда болады, алайда онымен ересектер де ауыруы мүмкін. Бұл ауру әсіресе нәрестелер үшін қауіпті.
Негізгі белгілері қандай?
Жасырын кезең 14 күнге дейін созылады, бірақ көбіне 5-7 күн аралығы. Әрі қарай әлсіздік, аздап жөтел, мұрынның ағуы, төмен температурамен сипатталады. Бірте-бірте жөтел күшейеді, аурудың 2-аптасының соңында конвульсия­лық жөтел басталады.
Ондай кезде науқастың ауруы қозады, беті көкшіл боп кетеді, мойын тамырлары кеңейеді, тұншығу болады. Аурудың ауырлығына байланысты жиі-жиі ұстамалар пайда болады.
Одан әрі өкпенің қабынуына алып келуі мүмкінбе?
Көкжөтелдің ауыр түрі ұзақ уақыт бойы оттегінің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Көкжөтел пневмония және басқа аурулар сияқты тыныс алу органдарының ауруларымен асқынуы мүмкін.
Кейде қатты жөтел салдарынан ауыр асқынулар пайда болады. Аурудың дамуына қарай ол мидағы тыныс алу орталығына әсер етіп, нәтижесінде жөтел күлгенде, ауырғанда немесе сөйлегенде күшеюі мүмкін.
Сондай-ақ жүрек-қан тамырлар жүйесіне жағымсыз әсер етеді. Иммунитет әлсіресе, екінші рет жұқтырып алуыңыз мүмкін.
Аурудың алдын алу жолы қандай?
Көкжөтелдің нақты алдын алудың жалғыз әрі сенімді құралы – екпе. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, көкжөтелге қарсы вакцинация 2, 3, 4, 18 айда және 6 жаста жүргізіледі.
Көкжөтелге қарсы вакцина ойлап табылғанға дейін бұл ауру балалар арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орында болды. Вакцина кеңінен қолданылғаннан кейін көкжөтелден болатын балалар өлімі 45 есеге қысқарды.
Сонымен қатар әлемде және қазіргі уақытта балалар арасында осы инфекциядан қайтыс болу кездеседі. Бірақ статистика көрсеткендей, басым көпшілігі – екпе алмаған балалар.
Егер өзіңізден немесе балаңыздан көкжөтел белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге көріну керек.

Ж.Шайхысламов,
Бөлім басшысы
05 ақпан 2025 ж. 141 0

Ұқсас жаңалықтар: