№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «AMANAT» партиясы: Атқарылған жұмыстар ауқымды

«AMANAT» партиясы: Атқарылған жұмыстар ауқымды

Бүгінде қаламызда 12 811 партия мүшелерімен бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жыл партия филиалы үшін жемісті жылдардың бірі болды.
Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасындағы Қызылорда қаласына қатысты 81 шараны орындау жүзеге асырылды. Халық қалаулылары тарапынан сайлау науқанында азаматтардан түскен 166 өтініш-тілектің 152-і орындалды. Жалпы, партияның қалалық филиалына қарасты 40 бастауыш партия ұйымдары партиялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Соның негізінде, өткен жылы бастауыш партия ұйымының төрағалары 2022-2023 жылдары атқарылған жұмыстарын баяндаған болатын. Қоғам тарапынан талқыға түскен маңызды мәселелер мен жол картасында жоспарланған шаралар жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жүзеге асырылуда. Соның негізінде, өткен жылы депутаттық фракция алдында қала әкімі бір рет, қала әкімінің орынбасарлары екі рет атқарылған жұмыстар бойынша баяндады, – деді Гүлшат Мұсаева.
Бұдан бөлек, партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге атсалысуда. Өткен жылы азаматтар тарапынан 1603 өтініш тіркелген. Оның 1183 (87,11%) оң шешімін тапты, 175 (12.89%) мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жасалып, кеңес берілді. Азаматтардың сауалдарына байланысты тақырыптық қабылдаулар өтіп келеді. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша өткен 27 қабылдауға 96 адам келді. Оның 82 (85,42%) оң шешілді, 14 (14,58%) мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды.
Тұрғандарға көрсетілген тегін заңгерлік көмек аясында 2024 жылы 140 тұрғынға құқығын қорғау жайлы сүйемелдеу шаралары жүргізілді. Оның 119 (85%) оң шешім тапты, 21 (15%) мәселе бойынша кеңес берілді. Жауапты сала басшыларымен бірлесіп, партияның ұйымдастыруымен елді мекендер мен қаланың барлық аумағында 36 рет көшпелі қабылдау өтті. Онда 180 тұрғынның 170 (94,5%) сұрағы қанағаттандырылды. Қалған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Партиялық бақылау комиссиясы сайлауалды бағдарламаның жол картасы аясында 7 нысанға партиялық бақылау бекеттерін орнатты. Бүгінде 3 нысан пайдалануға берілді.  Жол картасы аясында  құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға, резонансты мәселелерге және т.б бойынша комиссия мүшелерімен 62 рет мониторинг жұмыстары жүргізілді. Партия мүшелерінің, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында жыл сайынғы «Баланы баланы даярлайық!» акциясы аясында 299 балаға 4 млн. 485 мың теңгеге қажетті мектеп құралдары алынып берілді, – деді Гүлшат Исақызы.
Сонымен бірге мүгедекті бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша жоспарланған 60 нысанның барлығына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында кейбір нысанның қауіпі бар екендігі анықталып, тиісінше ескертпелер мен ұсыныстар берілді.
Мемлекет басшысының ерекше атап өткен Үкімет пен партияның бірлескен  «Ауыл аманаты» жобасы аясында 612,8 млн теңгеге 56 жоба лимит түрінде көзделген. Алғашқы лекте 142,1 млн. тг. құрайтын 16 жоба қаржыландырылды. Бүгінде қосымша 20 жоба мақұлданды. 
«Жер аманаты» бойынша жопарланған 375 га жер телімінің орнына 917 га (244,5%) қайтарылды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» және «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында өткен 25 сенбілікте 12,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 
Сондай-ақ, тұрғындардың қаржылық сауаттылғын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы бойынша қалада 34 курс өткізіліп, 2302 азамат оқу курсынан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырды.
Фото: «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы
03 ақпан 2025 ж. 166 0