ПАРТИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ

Бүгін "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Кеңейтілген актив отырысы өтті.
Партиялық актив отырысына арнайы "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Есмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Ғ.Жарқынбекұлы қатысты.
Актив отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, аудандық партия филиалының төрағасы А.Мажитовтың, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрабаевтың, Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Ә.Абдуллаевтың және "Орталық" БПҰ - ның төрайымы А.Мамированың 2024 жылы атқарылған жұмыстары мен 2025 атқарылатын жұмыстарының есебі тыңдалды.
«Партияның Жаңақорған аудандық филиалына қарасты 20 бастауыш партия ұйымына топтасқан 3886 партия мүшесі бар. Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне есепті мерзімде тұрғындардан 437 өтініш түсіп, олардың 69,3 % -ы оң шешілген. Соның ішінде әлеуметтік осал топтағы 4 отбасының баспаналы болуына қолдау көрсетілді»,- деді партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов.
Ауданда «Жер аманаты» жобасы аясында жоспарланған 4000 га жердің 4 325 га қайтарылып, жоспар 108,25% -ға орындалған. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда 154 млн. құрайтын 27 жобаға несие берілген. «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде өткен жылы 1535 аудан тұрғыны оқытылып, сертификат табысталған. Жалпы атқарылған жұмыстар БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуда.
Ал, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Тұрабаевтың айтуынша комиссия мүшелерімен есепті кезеңде 34 нысанға мониторинг жүргізілген. Оның 19 -ы Жол картасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарына болса, қалғаны баға тұрақтылығы бойынша азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай бекеттері мен дәріханаларға басқа да объектілерге жүргізілген. Комиссияның 12 отырысы өтіп, 26 мәселе қаралған. Оларда 53 ұсыныс көтерілген.
Атқарылған жұмыстармен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партия активі алдына сайлауалды уәделердің орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету, партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру, партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмыс жасау жөнінде міндеттер қойды.