№13 (8827) 18

18 ақпан 2025 ж.

№12 (8826) 15

15 ақпан 2025 ж.

№11 (8825) 11

11 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі

Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі



Су ағзадағы бүкіл тіршілік әрекетін реттеп отырады. Ол газ тәрізді, сұйық және қатты заттарды ерітуші болып табылады, сондай-ақ зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысына қатысады.
Сапалы ауыз су мөлдір, иіссіз және жағымды дәмді болуы керек. Сапасыз судың салдарынан адамдар холера, гепатит, дизентерия т.б. жұқпалы аурулармен жиі ауырады.
Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:
1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
2. Адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;
3. Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.
Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Аудан халқы үшін ауыз судың маңызы өте зор. Ауыз судың сапасын қадағалап адам организміне зиянын болдырмау мақсатында Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, жұмыс жасауда. Ауданымызды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін "Қазсушар" ШЖҚ РМК  "Сыр суы" филиалына қарасты «Жиделі топтық су құбырларын пайдаланушы Жаңақорған өндірістік бөлімшесі» және "Талап Сырдария" топтық су құбырын пайдаланушы өндірістік бөлімшесі атқарады.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімшесімен санитариялық-химиялық мониториг негізінде ауыз судың сапасына тоқсанына бір рет су үлгілері алынып зертханалық зерттеу жүргізіп отыр.
Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың, мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді. 2023 жылы 37 елді мекен, аудан халқының 99,9 пайызы сапалы таза ауыз сумен қамтылса. 2024 жылы 37 елді мекен, аудан халқы 99,9 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.
Орталықтандырылған ауыз су сапасының көрсеткіштерін санитарлық талап бойынша ұстаудың бірден бір себебі ол, су жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту, суды тазарту, залалсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану, кездескен ақауларды дер кезінде жою болып табылады. Ауданымыздағы орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне 2024 жылдың көктемгі,күзгі күшейтілген хлормен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен аудан  тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне,ауыз су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізуі жалғасын таба береді.
Су - өмір табиғаты, тіршілік көзі.

М.Сандыбайқызы
Бөлім  басшысы                                 
30 қаңтар 2025 ж. 152 0