№8 (8822) 1

01 ақпан 2025 ж.

№7 (8821) 28

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (8820) 25

25 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Үкімет отырысы: Ең жоғары экономикалық өсім көрсеткен өңірлер аталды

Үкімет отырысы: Ең жоғары экономикалық өсім көрсеткен өңірлер аталды

Бүгін былтырғы жылдың қорытындысына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдердің экономикалық өсіміне түсінік берді.
Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында тіркелді. Негізгі көрсеткіштердің төмен динамикасы Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қалыптасты, — деді Олжас Бектенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста — 13,1, саудада — 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді.
28 қаңтар 2025 ж. 109 0