Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА



Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Ж.Нұрымбетов Жаңақорған ауданында іс - сапармен болып, "Шалқия ЦИНК" ЛТД АҚ жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты 2025 жыл "Жұмысшылар жылы" деп аталғандықтан мекеме жұмысшыларының жағдайларымен танысу болды.
«Шалқия Цинк ЛТД» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 29 наурызда құрылған.
Жобаның негізгі мақсаты: Шалқия кен орынында полиметалл кендерін өндіру, тиімділігі жоғары инновациялық технологиялар, техникалар енгізу жолымен өндірілген кенді байыту фабрикасында қайта өңдеу және өндірілген мырыш пен қорғасын концентратын өткізу.
Қазіргі таңда «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ-да 266 адам жұмыс жасауда.
Айта кетейік бұған дейін «Кингка Майнинг Канстракши» ЖШС-гі жұмысының аяқталуына байланысты 318 қызметкерді «Самұрық Бизнес Академия» ЧУ еншілес кәсіпорнына ауыстырылған.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты М.Ергешбаев мекеменің жұмысшыларға жасалған барлық жағдайларымен толыққанды танысып, мекеме қызметкерлерінің ұсыныс- пікірлерін тыңдады.
08 қаңтар 2025 ж. 128 0