» » ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ОҢ ДИНАМИКА БАР

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ОҢ ДИНАМИКА БАР


2024 жылдың 12 айының қорытындысымен денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Күтілетін өмір сүрудің орташа ұзақтығы ұзақтығы облыс бойынша 74,6-ға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков баяндап, 2024 жылға қорытынды жасады.

- Халықтың денсаулығын нығайту – саламыздың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа медициналық көмекті қолжетімді ету, ана мен бала денсаулығын сақтай отырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мемлекетіміздің басты басымдығы екенін атап өткен болатын. Осы аралықта денсаулық сақтау саласында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді көрсеттік,- деді Олжас Ермекұлы.

Брифингте басқарма басшысы өткен жылғы статистиканы да мәлімдеп, аймақтағы халық санының қаншалықты артқанын айтып өтті.

- Ана мен бала денсаулығын сақтау жалпы медицинаның маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 844 810 мың адам тіркелген, оның ішінде 20,9%-ы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер. Өткен жылы аймағымызда 17 873 нәресте дүниеге келді,- деді Олжас Ермекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 қаңтар 2025 ж. 135 0