№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасы жақсарған

Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасы жақсарған

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа медициналық көмекті қолжетімді ету, ана мен бала денсаулығын сақтай отырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мемлекетіміздің басты басымдығы екенін атап өткен болатын. Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы 7,9 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков мәлімдеді.
«Биыл 1 қазанға дейін облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына 821 376 тұрғын тіркелген. Аймақ халқына 25 стационарлық 25 амбулаториялық-емханалық, 102 дәрігерлік амбулатория, 27 фельдшерлік акушерлік бекет, 93 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 7,9% жоғарылап, 58,3-ті құрады, көрсеткіш Республика деңгейінен жоғары», – деді Басқарма басшысы.
08 қараша 2024 ж. 138 0