Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда – қарқынды құрылыс алаңы

Қызылорда – қарқынды құрылыс алаңы

 
Соңғы жылдары Сыр елі құрылыс алаңына айналды. Зәулім үйлер,  шағын аудандардың көбеюі тұрғын үй кезегінің көбесін сөгіп, жаңа серпін әкелді. 
Тіпті, жыл он екі ай бойы сырбойылықтардың қоныс тойына куә болып та жүрміз. Ал, бұл екпіннің елге тұрмыстық түлеу ғана емес, үлкен сәулет салтанатын әкелгенін де айтуға тиіспіз.
Бұл жағдай 17 мың адамның баспана мәселесін шешуге ықпалын тигізді. Демек, тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізуде көшбасшы өңірде алдағы уақытта да еңбек еселене түспек. 
Бұл мемлекет басшысы Жолдауында  айтылған әрбір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету жоспарын ойдағыдай жүзеге асырудың айқын бағдары деп білеміз.
                       
Куаныш Сейтханов  
“Дорстрой” ЖШС инженері
16 қаңтар 2025 ж. 251 0