» » Жаңа ережеге байланысты Wildberries, Ozon, Temu және Pinduoduo тауарлары қымбаттай ма – Министр жауап берді

Жаңа ережеге байланысты Wildberries, Ozon, Temu және Pinduoduo тауарлары қымбаттай ма – Министр жауап берді

Шетелдік онлайн маркетплейстерге тіркелу міндеттелгеннен кейін баға қалай өзгеретіні айтылды.
"Бағаның өсуі мен түсуіне келетін болсақ, бүгінде Қазақстанның әр түкпірінде орналасқан Wildberries пен Ozon бәсекелес болып отыр. Сарапшылардың болжамы бойынша 15% өзгеруі мүмкін. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған онлай дүкедерде баға көтерілмейді. Баға, әрине, әдеттегідей өзгеруі мүмкін, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Бүгінде Қазақстанда тіркелмеген маркетплейстер бар. Мысалы Temu және Pinduoduo тіркелмеген, олардың әлі ресми өкілі жоқ. Сіздің сұрағыңызға жауап берсем, баға өспейді, оларда тауар, желі бар, баға саясаты бар, ол бұрын қалыптасып қойған", – деді Шаққалиев үкімет отырысында.
Бұған дейін Қазақстанда шетелдік маркетплейстен алынған тауарлар декларацияланатыны туралы жазған едік. Шаққалиев енді шетелдік маркетплейстер тіркелуге міндетті болатынын айтты.
Фото: Pixabay.com
15 қаңтар 2025 ж. 102 0