№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Енді Temu мен Pinduoduo тапсырыстарын Қазпоштадан алуға болады

Енді Temu мен Pinduoduo тапсырыстарын Қазпоштадан алуға болады


Мәжілісте “Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова 2025 жылдан бастап Temu мен Pinduoduo тапсырыстарын Қазпоштадан алуға болатынын айтты.
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов поштаның қоймасы өте үлкен екенін айтып, Қазпошта жұмысының шығыны көп екенін айтты.
Зейнетақы, жәрдемақы, яғни тариф сіздерде 247 теңге. Ал оның өзінің бағасы 477 теңге. Сіздердің 2023 жылы 5 млрд теңгеге жуық шығындарыңыз бар. Бұл шығын азая ма, көбейе ме? Себебі сіздер келесі жылы ауылдарды көбейтеміз деп жатырсыздар. Сіздердің Астанадағы үлкен хабтарыңызда болдым. Бірақ бұл хаб, яғни қойма өте үлкен. Сіздер өте үлкен тарифпен ақша төлеп отырсыздар, бірақ оның қолданысы 10 пайызға ғана толып тұр. Сіздердің жұмысшыларыңыздан да сұрадым, ол ешқашан толмаған. Сіздерге сондай үлкен хаб керек пе? – деп сұрады депутат.
“Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова 2023 жылы зейнетақы, жәрдемақы төлеу бойынша таза шығын 5 млрд теңге болғанын растады.
Бүгін Қазақстан бойынша 350 адам осындай төлемдерді алып тұрады. 247 теңге - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілген тарифтердің бірі. Бұл Қазпоштаға ғана берілген тариф емес, бұл барлық банк алып отыратын тариф. Банктер онлайн аударымдар кезінде 150 теңге алады. Бірақ біздің тарифтеріміз 477 теңге болуы керек. Неге десек, бүгінде инкасаторлар, машиналар, жанармай бағасының өсуі үлкен шығынға алып келеді. Ақша болған соң біз қауіпсіздік стандарттарын қадағалауымыз керек. Сондықтан оның шығыны өзіндік құнын ақтаса, біз оны әрбір ауылға жеткізетін боламыз. Тариф жағынан қолдап жіберсеңіздер, оны әрі қарай жалғастырамыз. Себебі ауылдарға жеткізетін Қазпошта ғана, - дейді ол.
Сонымен қатар Жанасова пошта жөнелтімінің көбеюіне байланысты үлкен қойманы алғанын айтты.
Ол жерде (жөнелтімдер) келіп-кетеді, сіз 10 пайызын ғана көргенсіз. Кейбір уақытта толып кетеді. Мысалы, маусымдық ерекшеліктер бар. Жаңа жылда, Black Friday кезінде жөнелтілімдер көп келеді. Сол кезде толып кетіп, орын қалмайды. Екінші жағынан, бұл фулфилмент орталық. Temu, Pinduoduo сияқты әлемдік маркетплейстермен бірге келіссөздер жүргізіп жатырмыз, келесі жылы осы жерде бондтық қойманы ашамыз, - деп айтты.
04 желтоқсан 2024 ж. 50 0