Соңғы жаңалықтар

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аралдың су көлемі 42 пайызға артты

Аралдың су көлемі 42 пайызға артты

Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі ұлғайды. Бұл туралы бүгін, 13 қаңтарда Су ресурстары және ирригация министрлігі айтты.
«Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша теңіздегі су көлемі 42 пайызға өсіп, 27 млрд текше метрге жетті. Судың тұздылығы төрт есеге жуық төмендеді, ал жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға дейін жетті»,—делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Министрліктің мәліметінше, жоба негізгі 3 негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.
13 қаңтар 2025 ж. 220 0