№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН СЕНАТЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КӨКАРАЛ БӨГЕТІНЕ БАРДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН СЕНАТЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КӨКАРАЛ БӨГЕТІНЕ БАРДЫ


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты төрағасының бірінші орынбасары, Комиссияның Өзбекстан тарапынан тең төрағасы Содык Сафоев бастаған жұмысшы топ Арал ауданындағы Көкарал бөгетіне барып, жағдайын көрді.
Екі елдің Сенат депутаттарымен бірге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Су ресурстар комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров бөгеттің қазіргі жағдайын бақылап, ортақ мәселелерді талқылады.
Бөгет басында Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров «САРАТС» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысын жеткізсе, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Арал теңізінің құрғаған түбінде су тапшылығын азайту жөнінде қабылданып жатқан шаралар және фито-мелиорациялық жұмыстарды тізбектеді.
Көкарал бөгетінің ұзындығы - 13 км, ені - 9 м. Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтап қалу үшін Көкарал бөгетін қалпына келтіру жұмыстары 2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін жүргізілген. Нәтижесінде су көлемі 11,5 км3-ге, яғни, 15,6 км3-ден 27,1 км3-ге дейін артты. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасалды. Нәтижесінде балық аулау көлемі 0,4 мың тоннадан 7 мың тоннаға дейін өсті.
- «САРАТС» жобасының екінші кезеңі іске асырған уақытта Солтүстік Арал бөлігінде 50 км3 суды сақтап тұруға қол жеткіземіз. Бұл өз кезегінде балық аулау көлемі де екі есеге өседі деген сөз. Жоба Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартады,-деді Нұрлан Алдамжаров.
Делегация өкілдері су жағдайына қатысты ортақ мәселені арнайы жиында қарайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
24 сәуір 2022 ж. 422 0