№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баспасөз брифингінде

Баспасөз брифингінде

Жобалық көлемі 27 млрд текше метр болатын Кіші Арал теңізінің су деңгейі 2022 жылдың қазан айында Балтық жүйесі бойынша 40,42 метрді құрап, су көлемі 18,5 млрд. текше метрге азайған болатын, қазіргі таңда су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 41,13 метрді құрап,су көлемі 21,6 млрд.текше метрге дейін ұлғайды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
С. Сермағамбетов журналистермен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Ағымдағы жылы Шымкент қаласында өткен (11-12 сәуір) Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясында Шардара су қоймасына 2024 жылдың вегетациялық кезеңіне 3,6 млрд. м3 судың түсетіні келісілсе, бүгінгі күнге (16.09.2024 ж) 4,5 млрд. м3 су түсіп отыр.Нәтижесінде, ағымдағы жылы су тапшылығы болған жоқ.

Сонымен бірге, биылғы жылғы вегетация кезеңінде Арал теңізіне түскен судың көлемі де едәуір ұлғайды.
2020-2023 жылдары маусым, шілде, тамыз айларында Арал теңізіне орташа есеппен секундына 15 текше метр су түссе, ағымдағы жылы 70 текше метр су түсуде.

«Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырды. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, старатегиялық маңызды «Қызылорда» және «Әйтек» су тораптары күрделі жөндеуден өтсе, «Көкарал бөгетін сақтау» жобасы іске асырылуда. Сонымен бірге, 2024 жылға республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналына су беретін канал» жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, облыс үшін су жинау көлемі 775 млн.м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу маңызды. Бүгінгі күні су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін жұмыстары жүргізілуде» - деді басқарма басшысы.
18 қыркүйек 2024 ж. 352 0