№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстанда биыл кімнің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда биыл кімнің жалақысы көтеріледі


2025 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалды, дегенмен биыл 600 мыңға жуық жұмысшының жалақысы көбейеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2025 жылы ең төменгі жалақы көлемі өзгермей, 85 мың теңге болып қалды. Алайда бұл жұмысшылардың таза табысы былтырғыдай деңгейге сақталады дегенді білдірмейді – "таза" жалақы жеке табыс салығы көлемінің азаюы есебінен артады. Кей санаттағы азаматтардың айлығы біртіндеп ұлғаяды.
Мысалы, 2025 жылы ғылым мекемелерінде істейтін жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға көтерілетіні мәлім болды. Бұл ретте Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, тағы 600 мыңға жуық жұмысшының жалақысы біртіндеп көтеріледі.
Олардың жалақысы 20 пайызға артады. "Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді", - деп мәлімдеді Еңбек министрлігі өкілдері.
Жұмысшылар жалақысын өсіру президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауына сай іске асып жатыр. Осыны ескерсек, 2022-2025 жылдар аралығында жекелеген азаматтардың жалақысы екі есеге дейін ұлғаяды.
Бұған дейін біз 2025 жылы Қазақстанда әртүрлі есептік көрсеткіштер артып, олармен бірге айыппұлдың ғана емес, жәрдемақы мен зейнетақының да мөлшері артатынын жазғанбыз.
07 қаңтар 2025 ж. 72 0