Адам папиллома вирусын алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы

Қазақстанда онкопатология құрылымында әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы елімізде 1800 әйелге қойылады, жыл сайын 600 науқас осы аурудан қайтыс болады. Жатыр мойны обырының ең жоғары деңгейі 40-44 жаста.
Жатыр мойны обырының алдын алуға болады, дегенмен бүкіл әлемде жатыр мойны обыры жыл сайын шамамен 600 000 әйелге диагноз қойылады және жыл сайын шамамен 340 000 әйел аурудан қайтыс болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жатыр мойны обырын жою жөніндегі жаһандық стратегиясы Денсаулық сақтау мәселесі ретінде жол картасын қамтиды, яғни қыздардың 90%-ы 15 жасқа дейін HPV вакцинасымен егілуі керек, оған қоса ұлдарды да егу ұсынылады. Сол сияқты әйелдердің 70%-ы 35 және 45 жасында жоғары тиімді тест арқылы скринингтен өтуі керек. Қатерлі ісікке дейінгі әйелдердің 90% және инвазивті қатерлі ісікке шалдыққан әйелдердің 90% емделуі керек.
ҚР ДСМ бас штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология» ҒЗИ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова айтып өткендей, жатыр мойны обыры алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру екендігін дәйектей келе: «Қатерлі ісіктің бұл түрінің себебі көп жағдайда жыныстық жолмен берілетін адам папилломавирусы. HPV вакцинациясы АҚШ, Канада, Израиль, Катар, БАӘ, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия және Жапонияны қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. HPV-ге қарсы вакцинация көрші елдерде – Өзбекстан мен Түрікменстанда да жүргізіледі. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакцинациялаумен гендерлік бейтарап тәсіл енгізілді», дейді.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Австралияда Ұлттық вакцинация бағдарламасы енгізілгеннен кейін 9 жыл өткен соң, 18-35 жас аралығындағы әйелдерде HPV-нің 4 түрінің таралуы 90%-дан астамға айтарлықтай төмендеген.
АҚШ-та 2015-2018 жылдар аралығында әйелдер арасында HPV-ның 4 түрінің таралуы 14-19 жас аралығындағы әйелдер арасында вакцинацияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 88%-ға төмен, ал 20-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 81%-ға азайған.
HPV-қа қарсы вакцинация – папилломавирустық инфекцияның және HPV-мен байланысты аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының алдын алудың танылған әдісі. Жаппай вакцинацияны ДДСҰ, ACOG, ESGO, SGO, ACS сияқты беделді халықаралық медициналық ұйымдар қолдайды. Бұл ДДСҰ-ның Денсаулық сақтау мәселесі ретінде жатыр мойны обырын жоюды (элиминация) жеделдету жөніндегі жаһандық стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі.
Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады. АПВ сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.АПВ жұқтырған кезде пайда болатын аурулар:• Жыныс сүйелдерінің пайда болуы;• Тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы;• Ісік процесінің дамуымен жыныс мүшелерінің зақымдануы.Көптеген адамдар аурудың клиникалық көрінісінсіз патогенді тасымалдаушы бола алады.АПВ-ны адам өмірінде қайталап жұқтыруы да мүмкін. Өйткені АПВ инфекциясынан айыққандардың барлығында вирусқа төзімділік қалыптаса бермейді. Көбінесе, аурудың клиникалық белгілері ерте кезеңдерінде пайда болмайды. Әдетте алғашқы белгілері қоздыратын факторлардың әрекетінен кейін пайда болады.
Онкогенді қаупі бар HPV штамдары:
Онкогенді қаупі бар HPV штамдары:
- Жоғары онкогенді қауіпті штаммдар (16, 18, 31, 33 және т.б.);
- Төмен онкогенді қауіпті штаммдар (6, 11, 32, 40-44, 72);
Вирустардың төмен онкогенді штамдары денеде сүйелдер мен тері папилломаларын пайда болдырады. Вирус штаммдарының жоғары онкогенді түрлері аногенитальды аймақта, әйелдерде жатыр мойнында және ерлерде жыныс мүшесінде кондиломалардың пайда болуын тудырады. Ағзаға вирустың 16, 18, 31, 33 типті штамының ұзақ уақыт әсер етуінен жатыр мойны дисплазиясына және одан да ауыр ауруға – жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін.
Адам папиллома вирусыныңалдын алу.
Адам папиллома вирусыныңалдын алу.
- Жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді.
- Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ әрқашан инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін.
- Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады.
- Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% - дан астамға төмендетеді- деді Шынар Қожанқызы.
Әр ата-ана балама екпе салдыру кере пе, жоқпа деген таңдаудың алдында тұрады. Дегенменде, ата-ананың білуі қажет нәрсе, уақтылы жасалған екпелер баланы аурудың ауыр түрінен сақтауға көмектеседі және әрі қарай инфекциялық ауруларды жұқтырудан сақтайды. Балалардың барлығы барлық жұқпалы аурулардан қорғалуы тиіc!
АЙДАЙ БИЖАН ЕҢЛІКҚЫЗЫ,
ФАП Жайылма мейіргері
ФАП Жайылма мейіргері