№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адам папилломасы вирусы туралы

Адам папилломасы вирусы туралы

Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласының мамандарын қатерлі ісік аурулары, оның ішінде жатыр мойыны обырының көбеюі аса алаңдатып отыр. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы анықталып, 600-ден аса науқас әйел аурудан айыға алмай көз жұмуда. Қатерлі дертті тудырушы негізгі фактор – адам папиллома вирусы.
– Адам папилломасы деген қандай вирус?
– Адам папиллома вирусы – адамның терісін және шырышты  қабаттарын зақымдайтын вирус түрі.  Қазіргі  таңда  аталған вирустың 200 астам түрі белгілі. 14 астам түрі жоғарғы онкогенді қауіп тудырады. Бұл вирус көбіне терінің шырышты  қабаттарында дамитындықтан, обырмен асқыну қауіпі жоғары. Әсіресе, тәжірибеде жиі кездесетін жатыр мойнының обырына әкеп соқтыруы мүмкін. Жатыр мойны обырының дамуы әйел адамның папиллома вирусын жұқтыруымен байланысты.
– Бұл вирустың алғашқы белгілері бар ма?
– Адам вирусты жұқтырғанда, ол оның ағзасында ешқандай ауру белгілерін тудырмай тарала береді. Науқас өзінің қатерлі дертке шалдыққанын аурудың соңғы кезеңіне дейін білмей жүруі мүмкін. Сол себепті де біз тұрғындарды екпе алуға, жыл сайын бір тексерістен өтіп тұруға шақырамыз.
– Адам папиллома вирусының пайда болуына қандай жағдайлар түрткі болады?
– Ең басты себеп  адам иммунитетінің төмендеуі. Бұл вирус адам ағзасында көбеюге бейім. Ол түрленген сайын түрлі ауруларды тудырады. Әсіресе онкогенді дерттердің вирустары жылдам репликацияланады (көбейеді). Сәйкесінше, салдары адам өміріне қауіп төндіретін қатерлі ауруларға әкеп соқтырады. Кейбір жағдайларда ағзаға түскен вирус 12-24 айдың ішінде өзі жойылып кетуі де мүмкін. Десек те, «Сақтанғанды сақтайды» демекші, екпе салдырып, профилактикалық тексерістен өту – әр адамның өз денсаулығы үшін өте маңызды.
– Вирус адамдар арасында қалай таралады?
– Ол тұрмыстық жанасу жолымен – қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар мен жыныс жолдары арқылы жұғады. Әсіресе, вирус ылғалды ортада тез таралуға бейім. Тікелей бала туу кезінде, вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде беріледі. Сондықтан қоғамдық орындарда сауналарға, моншаларға, спорт залдарына,дәретханаларға, бассеиндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз абзал.
– Соңғы уақыттары аталған вирусқа не себепті жиі екпін қойылып жүр?
– 2024 жылдың күз айынан бастап елімізде 11 жастағы қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады деп жоспарланып отыр. Күні бүгінге дейін аталған вирусқа қарсы екпе өзге елдердің тәжірибесінде қолданылғанымен, елімізде етек алмаған еді. Биылдан бастап, бұл шара ұлттық күнтізбемізге енгізілген. Жаңа екпені қолдану біздің мамандар үшін алғашқы тәжірибе болғандықтан, екпе алды түсіндіру жұмыстары қайта жаңғыртылды. Ата-аналарға, қыз балаларға адам папиллома вирусы мен оған қарсы жасалатын екпе туралы толыққанды ақпарат беру шаралары қолға алынды. Өз тарапымыздан БАҚ беттеріне түрлі мақалалар мен ақпараттарды белсенді түрде ұсынып жүрміз. Себебі, бұл екпе – онкологиямен күресудің жалғыз әдісі.
Жатыр мойын обыры әйелдер арасында кең таралған қатерлі онкологиялық аурулардың бірі. Елімізде бұл қатерлі дертке шалдыққандардың саны қанша?
–денсаулық  сақтау жүйесінің мәліметіне сүйенсек, елімізде  25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрлерінің ішінде бұл дерт сүт безі обырынан кейінгі 2-ші орында. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Жатыр мойны обырының  күнделікті 5 жаңа жағдайы тіркеледі. Жыл сайын 600-ге жуық әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады. Бұл көрсеткішті әр күнге шақканда,  күніне 2 әйел қатерлі дерттен қайтыс болады деген сөз.
– Басқа елдердің тәжірибесінде бұл екпенің ахуалы қандай?
– 2006 жылдан бері әлем бойынша Адам папиллома вирусына  қарсы екпені 100 млн аса адам алған, 270 млн доза вакцина қолданылған. ТМД елдері бойынша адам папиллома вирусына қарсы екпе Армения, Грузия, Молдава, Түркіменстан, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде күнтізбеге енгізіліп, қолданылауда. Әлемнің 135 елі АПВ қарсы екпені күнтізбеге енгізген. 2024 жылдың күз айынан бастап елімізде 11 жастағы қыз балаларды адам папиллома вирусына қарсы егу басталады.
– Елмізіде адам папиллома вирусына  қарсы екпе қалай жүргізілмек? 
– Адам папиллома вирусына  қарсы егу емханалардың егу кабинеттері арқылы тегін жүргізіледі. Аталған екпе ата-ананың рұқсат қағазына қол қойылғаннан кейін ғана салынады.
– Бұл вакциянаны салдыру қаншалықты қауіпсіз және адам ағзасына тигізер кері әсері болмай ма?
– Адам папиллома вирусына қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ,  оның құрамында ағзаға түскенде иммунитетті белсенді ететін жекелеген вирус ақуыздары бар. Өз кезегінде иммундық жүйе жасушаларымен адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған антиденелер өндіріледі. Осыған байланысты вакцина обырды тудыруға қабілетсіз. Керісінше, ағзаны бұл вирусты тануына және онымен күресуіне оң ықпал етеді.  Оған қоса, Адам папиллома вирусына қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне кері әсерін бермейді және бедеулікке әкеп соғуы мүмкін емес. Бұл әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.
– Не себепті вакцина салудың алғашқы бастамасы ретінде 11 жас таңдалып отыр?
– Бұл жас ДДҰ онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалған. Оған себеп, 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді. Бұл жаста жасөспірімде тұрақты иммунитет қалыптасады.
– Адам папиллома вирусына қарсы екпе тек әйел адамдарға ғана салына ма?
– Басқа елдердің тәжірибесінде екпе ер адамдарға да жасалады. Себебі бұл вирустың атап өткенімдей, 200-ге жуық түрі бар. Соның ішінде, түрлі дене мүшелеріне шығатын сүйелдер тәжірибеде жиі кездеседі. Бұл тұста вирустың қатерлі, не қатерсіздігіне баса назар аудару қажет. Мәселен, қатерсізіне сүйелдердің таралуы жатса, аса қауіптісіне онкологиялық аурулардың туындауы жатады. Сол себепті вирустың қатерлі дерті әсіресе, әйелдерде анықталып жатқандықтан, осы екпе түрі таңдалған.
– Аудан тұрғындарын– Халықаралық тәжірбиеде  жүзден астам елде адам папиллома вирусына қарсы екпе енгізілгендіктен,  бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90% төмендеген. Яғни, бұл қауіпті дерттің алдын алатын жалғыз спецификалық шара – екпе. Қыз баласы –  болашақ ана. Ол еліміздің өркендеп, өсуіне ат салысатын болашақ ұрпақты өсіруші. Ал ертеңгі ұрпақтың сапалы да саналы болуы әйел адамының денсаулығына тікелей байланады. Сол себепті қатерлі дерттің алдын алу үшін екпе салдырып, тиісті шараларға белсенді қатысуға шақырамын.
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ш.Айдарова
30 шілде 2024 ж. 280 0