«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КЕЛЕСІДЕЙ ҰҒЫМ БЕРІЛГЕН:
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы этимологиялық қарау мұны, «параға сатып алу», «пара» ретінде «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлық – өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға теңестірілген тұлғалардың өздері немесе делдал арқылы мүліктік игіліктерді немесе артықшылықтарды қабылдаумен қатар, ол лауазымды адамдарды оларға заңды және жеке тұлғалардың аталған игіліктерді және артықшылықтарды құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығуы болып табылады [1].
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
- өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау;
- өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау;
- несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер
сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану [1].
Қазақстан Республикасы Қалмыстық заңнамасы сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсыәрекет етудің жеткілікті құралдарын қамтиды. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс деп сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық негізгі белгілері бар лауазымдық қылмыстарды саналады.
«Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейту керек»
Қазақстан Республикасы Қалмыстық заңнамасы сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсыәрекет етудің жеткілікті құралдарын қамтиды. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс деп сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық негізгі белгілері бар лауазымдық қылмыстарды саналады.
«Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейту керек»
Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы