Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады
Fingramota.kz спам-қоңырауларын өз мақсаттары үшін пайдалана алатын зиянкестердің тұзағына түспеу үшін не істеу керектігін айтып береді..
Смартфонның нөмірлерді бұғаттау бойынша кірістірілген функцияларын пайдаланыңыз.
Мұны қажетсіз қоңыраулар түскеннен кейін ғана жасауға болатынын есте сақтаңыз.
Android-те
«Қоңыраулар журналы» бөліміне өтіп, нөмірді басыңыз, «Бұғаттау» немесе «Шағымдану» бастырмасын таңдаңыз.
iPhone-да
«Соңғы қоңырауларды» ашыңыз, нөмірдің жанындағы «i» белгішесін басыңыз, «Абонентті бұғаттау» бастырмасын таңдаңыз.
Айтпақшы, IOS 13 және одан кейінгі нұсқалары бар iPhone иелері «Теңшеулер» бөлімінде орналасқан «Белгісіздерді өшіру» функциясын да пайдалана алады. Бұл опция тегін және сіздің байланыстар тізіміңізде жоқ және сіз осы нөмірден ешқашан байланыспаған абоненттерден қоңырауларды бұғаттауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда белгісіз абоненттен қоңырау автоматты жауап берушіге жіберіледі және соңғы қоңыраулар тізімінде көрсетіледі, бірақ сіз қоңырау шалған кезде хабарлама алмайсыз. Егер бұл функцияны табу мүмкін болмаса, телефондағы іздеу жүйесін пайдалануға болады.
Арнайы қосымшаларды орнатыңыз
Бүгінгі күні нарықта спамды бұғаттауға арналған көптеген қосымшалар бар. Олар қажетсіз қоңырауларды анықтау және бұғаттау үшін дерекқорларды пайдаланады. Мынадай нұсқаларға назар аударуға болады:
Truecaller: қоңырау шалушыны анықтайды және спам туралы ескертеді.
Kaspersky Who Calls немесе Hiya: алаяқтық қоңырауларды бұғаттайды.
CallApp: қоңырау шалушы туралы ақпарат береді.
Нөміріңізбен мүмкіндігінше аз бөлісіңіз
Сізге күдікті болып көрінетін сайттарда нөміріңізді көрсетпеңіз. Сондай-ақ, нөмір талап етілетін күмәнді акциялар мен сауалнамаларға қатыспаңыз.
Интернетте тіркелу үшін бөлек нөмірді пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, бұл SIM картаны енді пайдаланбайтын телефонда пайдаланыңыз. Оны үнсіз режимге қойып, анда-санда тексеріп отырыңыз.
Спам-қоңырауларды тексеру қызметін алу үшін өз операторыңызға хабарласыңыз
Бұл қызмет тегін көрсетілуі немесе аз мөлшерде ақы алынуы мүмкін – қалай болған күнде де Сіздің тыныштығыңыз пен қауіпсіздігіңіз әлдеқайда маңызды. Кейде тексеру қызметі «Қара тізім» деп аталуы мүмкін.
Спам-қоңыраулар туралы өз операторыңызға хабарлаңыз
Егер Сізге үнемі бір абонент қоңырау шалса, өзіңізге қызмет көрсететін ұялы байланыс менеджеріне хабарлауды ұмытпаңыз. Әдетте, операторлар спам-нөмірлер туралы ақпарат жинайды және өздерінің «қара тізімдерін» жасайды. Сіздің қоңырауыңыз ұялы байланыс операторының қауіпсіздік саясатын жақсартуға септігін тигізеді.
2 ГИС «Нөмірді анықтағыш» функциясын қолданыңыз
Көптеген функцияларға ие бұл қосымша әрбір қазақстандықтың телефонында бар. Бірақ оның нөмірді анықтай алатын пайдалы функциясы туралы көп адамдар біле бермейді. Өкінішке қарай, оған тек iPhone телефонының иелері ғана мынадай алгоритм бойынша қол жеткізе алады: Баптаулар – Телефон – Қоңырауды бұғаттау және идентификаттау – 2 ГИС-ке қарсы тумблер.
Енді Сіз қоңырау шалушы ұйымды анықтай аласыз және қосымшада түрлі компаниялар мен дүкендер нөмірлерінің ауқымды базасы бар, мұның пайдасы зор. Бірақ 2ГИС-те, әдетте, адал ұйымдар тіркелгенін естен шығармаңыз, бірақ алаяқтар әрқашан алдау амалын табады, сондықтан қосымша қауіпсіздік Сізге артық болмайды.
Бейтаныс және күдікті нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеңіз
Егер Сіз спам-қоңырауға жауап берсеңіз, жеке басыңыздың ақпаратын растамаңыз, бірден телефонды өшіріңіз.
Егер Сізге бетпе-бет кездесуді ұсынса, кодтарды немесе банктік карта деректерін айтуды талап етсе, дереу сөйлесуді аяқтаңыз. Интернет немесе қосымшалар арқылы нөмірді тексеріңіз, содан кейін оны бұғаттаңыз.
Ешқандай жағдайда бейтаныс нөмірлерге, әсіресе ол қысқа нөмір болса немесе бейтаныс елдердің кодтарымен болса, қайта қоңырау шалмаңыз.
Сақ болыңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Фото: fingramota.kz