Жоспарланған қаржыны толық игеру тапсырылды
Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерге орай жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктелді.
Аймақ экономикасына 559 млрд. 373 млн. теңгенің инвестициялары тартылды. Оның 72 пайызы – жеке инвестициялар. Өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған 10 млрд. 800 млн. теңгенің 13 жобасы іске асты. Ауыл, орман және балық шаруашылығында 199 млрд. 644 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 2,5 пайызды құрады, ол негізінен егін шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілді.
Облыс аумағын жануардың 40-тан астам, құстың 300 түрі мекендейді. Оның ішінде, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 31 жануар түрі енгізілген. «Оңтүстік Қазақстан» мемлекеттік табиғи қорық аймағы мен Арал, Сырдария, Шиелі аудандарына 5 600 дуадақ жерсіндірілді. Бүгінде облыс аумағына шамамен 30-40 мың бас киік қоныс аударуда. Осы кезеңде киіктің қауіпсіздігін сақтаудың 2025-2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Барлық конкурсты аяқтап, 20 желтоқсанға дейін жаңа келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді қазынашылық органдарында тіркеуді қамтамасыз етіңіздер. Жоспарланған қаржы 100% толық игерілуі керек. Ол үшін тауар жеткізушілермен және мердігерлермен тиісті жұмыс жүргізіңіздер.Өткен 10 айда өңірде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 20,6, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5, құрылыс жұмыстарының көлемі 62, көлік және қоймалау көлемі 3,3, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 15,3 және сауда көлемі 6,5 пайызға артқан.
Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды браконьерліктен қорғау, табиғат заңнамаларын бұзудың алдын алу қажет. Жергілікті аңшылар мен еріктілерді жұмылдырып, қасқыр аулау тұрақты түрде ұйымдастырылсын.
«Сексеуіл – Жезқазған» теміржолының Арал ауданы аумағындағы бекеттерінде қойылған қоршауларды киіктің өріс аударуы үшін ашу керек», – деді Н.Нәлібаев.