№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Рауза Ысқақова Тәуелсіздік күніне байланысты облыс жұртшылығына құттықтау лебізін білдірді.

Рауза Ысқақова Тәуелсіздік күніне байланысты облыс жұртшылығына құттықтау лебізін білдірді.

Тәуелсіздік - халқымыздың мәңгілік құндылығы - Рауза Ысқақова
Әнші, "Мәдениет саласының үздігі, Роза Бағланова атындағы аймақтық конкурстың лауреат Рауза Ысқақова Тәуелсіздік күніне байланысты облыс жұртшылығына құттықтау лебізін білдірді.


- Аса құрметті Сырдың сұлу да сырбаз перзенттері! Сіздерді егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың болашақ ұрпаққа аманаттаған ең үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру, мерейін сезіну біз үшін зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, болашағымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жаһандық дамуға қадам басқан еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
16 желтоқсан 2024 ж. 327 0