№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егемендік - Елдігім

Егемендік - Елдігім

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.

Осы мақсатта аудандық тарихиөлкетану музейінде 16 желтоқсанТәуелсіздік күніне арналған «Егемендік елдігім – тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында іс шара болып өтті. Аталмыш шараға арнайы шақырту алып, катысып кайттым. Шараға желтоқсан оқиғасының куәгерлері Жеңіс Жапеков, Дүйсенкүл Үсенова, Серік Байжанов және Құттықожа ауылындағы А.Адилов атындағы №86 мектептің окушылары қатысты.

Желтоқсан оқиғасының маңызы, саяси мәні әлі терең талданып, ашылған жоқ. Сондықтан Тәуелсіздік таңының жақындауына атсалысқан рухты азаматтардың ерлігін насихаттау маңызды. Музейде өткен шарада осыны ұқтық.

Кездесуде тебірене сөз саптаған Жеңіс Жапеков еске алуға да ауыр күндері талай жастың суық қаруланған жасақтың аяусыз соққысында қалғанын еске алды.

– Дінмұхаммед Қонаев елдің дамуына саналы өмірін арнады. Оның орнын басатын қазақ басшылары болды. Бірақ Мәскеу өзге ұлттың өкілін әкелді. Біз соған ашынып алаңға шықтық. Қаншама жас оқудан қуылды, абақтыға қамалды. Бірақ қазақ ұлтының өр рухын көрсеткен оқиғаға қатысқаныма еш өкінбеймін. , – дейді ол.

Одан әрі №86 мектептің оқушылары Тәуелсіздік жайында жыр-шуамақтарын орындап, көріністер көрсетіп, қонақтарға сұрақ қойып, ерекше сұқбат өрбіді.

Кешті аудандық музей директоры Ажар Жанаева қорытындылады.

– Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбіреді. Тәуелсіздік күнін еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді атабабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тәуелсіздік – ең қастерлі мереке. Бұл күн азаттық үшін ұмтылған өр мінезді жастардың жігер-қайратымен рухтас. Енді Тәуелсіздікті баянды ету жолында жастар білімді, білікті, белсенді болуы тиіс. «Мәңгілік Елдің» тұғырлы болуы жастардың қолында, – деді ол.

Шара соңында қонақтарға сыйсияпат жасалып, «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Тәуелсіздік үшін жанын қиған батырларымыз бен желтоқсан оқиғасының куәгерлерін келешек ұрпаққа насихаттау үшін өткен шарадан зор әсер алып тарқастық!

Әсел Рзаева

20 желтоқсан 2023 ж. 201 0