№74 (8785) 17

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Тәуелсіздік – арайлап атқан таң нұры

Тәуелсіздік – арайлап атқан таң нұры



Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – кім үшін де қастерлі сезімге толы ұлы ұғым, киелі құндылық.

Тәуелсіздік- таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз!Сондықтан Тәуелсіздікке жеткен соң – оны аялап-баптау бар, ұлттың ұлы мұратын сақтау бар, болашақтың бізге артылған аманатын ақтау бар.
Бабалар үміті ақталып, жасампаздықты жаңа белеске көтерген күн баршамыз үшін ардақты мереке.
Еліміздің тұғыры биіктеп, ынтымағы артып, халқымыз рухани жаңғырып, бәсекеге қабілетті елдің алдыңғы қатарынан көріне берсін! Ұлы даланың береке-бірлігі жарасып, бейбітшілігі мәңгілік болғай. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шарықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке - бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлы!
16 желтоқсан 2023 ж. 213 0