№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәуелсіздік тәңір тартуы

Тәуелсіздік тәңір тартуы

Тәуелсіздік – атабабаның рухын көтеріп, тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Осы уақыт аралығында жас мемлекетіміз қуатты қарқынмен дамып келеді. Міне, еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне арналған ісшара «Болашақ» балабақшасында «Тәуелсіздік тәңір тартуы» атты іс шара өтті.



Аталған шараға атааналар қонақ болып қатысып, бүлдіршіндер мемлекетіміздің осы жылдар аралығында жеткен жетістіктерін өздерінің өлең жолдарына арқау етті. «16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн», «Тәуелсіздік – біздің ең басты бақытымыз», – дейді өз елінің патриот, отансүйгіш өрендері. Шараның көздегені де осы. Жеткіншектерді елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеуді басты нысан еткен.

– Ертеңгілік барысында қатысушылар еліміздің өткені мен бүгінін саралап қана қоймай, болашағына да ой жүгіртті. Сонымен қатар, бүлдіршіндер тәуелсіздік тақырыбындағы тақпақтарымен әндерін айтып, «желтоқсан» оқиғасы жайында көрініс қойылды.

Бүлдіршіндерді өнерге тәрбиелеу – олардың келешек парасатты азамат болып өсуіне жол ашатын интеллектуалды өрістің шынайы бір белесі болса керек. Сондықтан оған үлкен мән беріледі.

Бүгін, міне, егеменді, тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – жас ұрпақ! Оларға зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деген ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.

Гүлнұр Бүркітбаева, «Болашақ»
балабақшасының психологы
13 ақпан 2023 ж. 271 0