№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тағамнан уланудың алдын алу жайлы

Тағамнан уланудың алдын алу жайлы


Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру.
Ең қауіптісі – тағамдық токсикоинфекция және табиғаты микробты улану.

Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде, олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсикоинфекция туындауы мүмкін.
Сапасыз өнімдер бұл – түрлі микроорганизмдермен және токсиндермен жұқтырылған азық-түліктер.  
Ең қауіптісі – жануарлардан алынатын өнімдер (ет, балық, шұжық, консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар – кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ).
Әсіресе, уақталған ет – паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады.
Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң, мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін.
Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамдарды сақтау және дайындаудың бірнеше  қарапайым қағидаларын орындау керек:
- қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;
- тамақты дұрыс дайындау;
- тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
-жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында  мұқият термиялық өндеуден өткізу қажет (қайнату немесе  қуыру);
-шикі және піскен  азық-түлік өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу;
- жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау:  ас ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият, жиі  жуу;
- қайнатылған, бөтелденген немесе  сапалы,  таза ауыз  суды пайдалану;
- көкөністер мен жемістерді  пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
- тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта  2-6 С температурада сақтау;
- кремді-кондитерлік  өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
- үйдегі қоқыстарды және  тағам қалдықтарын  уақытылы шығару  және шыбын, жәндіктерді болдырмау;
-  үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.
Жоғарыда айтылған қағидаларды сақтасаңыз, Сіз өзіңізді және туыстарыңызды аурудан сақтайсыз. Ешқашан ауырмаңыз!

Ж. Шайхысламов,
Жаңақорған ауданы СЭББ-сы бөлім басшысы
12 желтоқсан 2024 ж. 145 0