Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 47

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Отбасы банкі" кейбір депозиттер бойынша мемлекеттік сыйақыны алып тастамақ

"Отбасы банкі" кейбір депозиттер бойынша мемлекеттік сыйақыны алып тастамақ

Фото: gov.kz
Журналистер, бұған дейін "Отбасы банктің" 3 жылдан асқан шоттар үшін мемлекеттік сыйақыны алып тастауды хабарлағанын айтты. Олар мұндай шешім банктің тиімділігіне әсер ете ме, деп сұрады.
"Мемлекеттік сыйлықақы туралы біз Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп, бейресми жұмыс тобын құрып, талдау жүргізіп жатырмыз. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік сыйлықтың мөлшері мен көлемі айтарлықтай өсті. Қазір бюджеттік өтінім бойынша 75-тен 80 миллиард теңгеге дейін жетті. Бұл республикалық бюджетке айтарлықтай ауыртпалық салады. Сол себепті біз мемлекеттік сыйлықақыны алып тастау туралы, ұсыныс білдірдік. Қолданыстағы заңға сәйкес, егер салым үш жылдан асқан болса және тұрғын оған ақша құюды тоқтатқан болса, онда ол жүйеден шығуға құқылы. Оның ішінде шотындағы мемлекеттік сыйлықақы сомасын алып тастауға да мүмкіндігі бар”, – дейді Ибрагимова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
"Біз мұның барлығын нұсқауларға сәйкес жасаймыз. Сонымен қатар оны басқа мемлекеттік органдармен талқылаймыз. Менің ойымша, бізге жүйелерді жеткілікті түрде әділ ету керек. Сонда ғана ол ең мұқтаж адамдарға жетеді. Сондықтан, мұндай норма несие алғанға дейін жинақтағанда, тек шынымен мұқтаждарға, жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алғысы келетіндерге ғана көмектесуге мүмкіндік береді", – деді ол. 
11 желтоқсан 2024 ж. 58 0