Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 538

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдемен оралды
27 қараша және 2 желтоқсан аралығында Польша Республикасы Миколув қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті. Халықаралық жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсетті. 
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды. Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы Маханбет Нұржан да болды. 
Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен спортшымыз үздік екенін дәлелдеп, жүлделі 1-орынға ие болды. Байрақты бәсекенің финалында басқа елдің спортшысын жеңіп қарсылас шақ келтірмеді. Бұл жеңіс – Маханбет Нұржанның спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі, - делінген ақпаратта.
09 желтоқсан 2024 ж. 349 0