Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 738

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 55

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді?

Көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленеді?



Жыл басынан бері көпбалалы 545,1 мың отбасына жалпы сомасы 239 млрд теңгеге жәрдемақы төленген. Мәселен, шілде айында 541,4 мың отбасы 33,8 млрд теңге алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, мемлекеттен жәрдемақы табысына қарамастан, кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар, сондай-ақ күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға беріледі.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:
  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.
16 тамыз 2023 ж. 352 0