№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢҒЫРУ – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢҒЫРУ – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

...Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алдымызға осындай мұрат қойды. Расында, латын әліпбиіне көшу ұлттық сананың бұғаудан босатып, түркі және жаһандық ықпалдасып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. С.Сапарбеков атындағы №125 мектепте өткен «Латын әліпбиіне көшу – ұлт мұратына ұйысы» атты аудандық семинарда осыны арқау етті.
Алдымен білім ордасының мәжіліс залында аудандағы 42 мектептің кітапханашысы және қазақ тілінің мамандары бас қосып, әліпбиді реформалаудың маңызына тоқталды. Мектеп директоры Жеңіс Ибрагимовтің сөзінше, рухани жаңғырудың темірқазығына айналған латын әліпбиіне өту – уақыт талабы. Бүгінде әлем елдерінің 80 пайызы латын қаріпін қолданады. Ең бастысы, ғылым мен саясаттың тілі. Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркменстан әліпбиін латынға реформалады. Ендеше, түркі халықтарымен рухани-мәдени интеграцияда латын әліпбиі шешуші рөл атқарады.
Семинардың арнайы қонағы ретінде қатысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының кеңесшісі Нариман Жакудаев қазақ әліпбиенің тарихи кезеңдеріне тоқталды.
– Тарихқа көз жүгіртсек түрік тілі Еуразия даласында дипломатиялық қарым-қатынас тілі болды. Яғни, V ғасырдан бастап Еуразия кеңестігінде түрік тілінің басымдығы сезілді. Оған Алтын Орда мемлекетінде ресми жазбалар мен дипломатиялық құжаттар түркі тілінде жүргізілгені дәлел болады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін араб графикасына негізделген әліпби қолданылды. Кеңестік биліктің орнауымен ұлттық санаға шабуылдар үздіксіз жүргізілді. Соның нәтижесінде, 1928 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан орталық атқару комитетінің IV сессиясында латын алфавиті қабылданды. Ал, 1940 жылы 10 қарашада Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің 5-і сессиясының қаулысымен кириллицаға негізделген қазақ алфавиті қабылданды, – деді партияның өкілі.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтұйғын Юсупова тәуелсіздіктің алғашқы жылдары латын әліпбиіне көшу қызу талқыланғанын, мұндай пікір-таласқа Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе», – деп нүкте қойғанын айтты.
Бастауын б.з.б. VII ғасырда Римнен алатын латын әліпбиі бүгінде заманауи технология мен ғылымның тіліне айналды. Сондықтан төл таңбаларын берік ұстанған Қытай, Жапония сында дамыған елдер брендтік өнімдеріне латын графикасын қосуға мәжбүр. Қазір Африка, Америка және Азия халықтары да латынды пайдаланады.
Пленарлық отырыс мектептің педагог-психологы Райхан Талаббаева жүргізген тренингпен жалғасты. Онда қатысушылар латын әліпбиінің маңыздылығын дәлелдеп бақты.
Семинар аясында Лаура Сатқанбаеваның «Кітап – біздің өміріміз» атты акциясы, Б.Бөрібаеваның «Ұлт тілін ұлықтаған» атты әдеби-сазды кеші, кітапханашы Г.Әлібекованың «Қазіргі таңдағы кітапхана ісі» атты тәжірибе алмасу өрбіді. Әсіресе, С.Алшымбаева өткізген «Латын әліпбиі: маңызы, мәні» атты дөңгелек үстелде қызу пікір-талас орын алды. Оқушылардың бір тобы латын әліпбиінің құлдық санадан арылтып, рухани жаңғырудың өзегіне айналатынын жақтады. Енді бірі латын графикасына өтуге көп қаржы кететінін, сондықтан, әлем экономикалық дағдарыстан шығатын жол таппай тұрған кезде әліпбиді реформалауға асықпауға шықырды.
СӨЗ СОҢЫ. Латын әліпбиі қазақ тілінің табиғатын ашып, әуезді тілді қайта жаңғыртатынына сенеміз. Олай болса, латын графикасы – қазақ тілі мен ұлттық сананы жаңғыртудың басты көрсеткіші болмақ. Семинарға қатысушылар осындай ортақ тұшырымға келді...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
06 мамыр 2018 ж. 2 219 0