№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны рас па?

Күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны рас па?

Фото: tengrinews.kz
Мессенджерлерде күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны туралы ақпарат тарады. 
Massaget.kz тілшісі бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"2-ауысым оқушылары сабақтан тарағанда күн өте қараңғы болуына байланысты сабақ ұзақтығы уақытша 40 минутқа ауыстырылды", - делінген тараған ақпаратта.
Оқу-ағарту министрлігі Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Сабақ уақыттарын заң бойынша жергілікті орган шешеді. Себебі аяз немесе түрлі іс-шара секілді түрлі жағдай болады", - делінген жауапта.
Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері күннің ерте батуына байланысты сабақ уақытын қысқарту жоспарда жоғын айтты.
Бұл хабарлама Астанадағы ата-аналар чатында тараған. Редакция Астана білім басқармасына сауал жолдады.  
"Астана қаласының Білім басқармасы қысқы уақытта сабақтардың ұзақтығын қысқарту туралы бұйрық шығармады. Сол себепті, сабақ уақытын қысқарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деп жауап берді ведомстводағылар. 
25 қараша 2024 ж. 229 0