Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Тәңірден» басталған бітік пен білім. Бүгін - Түркі жазба тілін жаңғырту күні

«Тәңірден» басталған бітік пен білім. Бүгін - Түркі жазба тілін жаңғырту күні

Бүгін, 25 қараша — Түркі жазба тілін жаңғырту күні. Мереке 2019 жылдан бері тойланып келеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Осыдан 131 жыл бұрын даниялық лингвист Вильгельм Томсен алғаш рет көне түркі жазуының кілтін тауып, ғылым әлемінде айрықша жаңалық ашқан еді.
Ғалымның 200 жыл бойы сырын ашпай келе жатқан көне ескерткіштен ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер болатын. Осы кезден бастап түркология тарихының жаңа тарауы басталды. Кездейсоқ түрде ашылған бұл екі ғана сөз бүтіндей бір көне дәуірдің құпия құпиясын ашуға жол ашты. Уақыт өте келе оған ХХ ғасырда түркі елдерінің ғалымдары – түрік, қазақ, әзербайжан, өзбек және басқа да зерттеушілері қосылды.
Қазір Еуразия көлемінде түрік бітікпен бәдізделіп өрнектелген 700-ден астам ірілі-кішілі бітіктас, ескерткіштер, жартастағы және түрлі зат-бұйымдардағы мәтіндер тіркеліп отыр.
Қазіргі таңда Халықаралық Түркі академиясында көне түркі жазуын зерттеп, аударумен айналысатын «Түркология, алтаистика және моңғолтану» бөлімі қызмет істейді. Сонымен қатар Академия тарапынан түркологияға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге арналған, «Вильгельм Томсен» атындағы медаль шығарылған.
25 қараша 2024 ж. 63 0