Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылордада заңсыз пайдаланылған жерлерді қайтару мәселесі талқыланды

Қызылордада заңсыз пайдаланылған жерлерді қайтару мәселесі талқыланды

Кеше қала әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиында бос жатқан жерлерді игеру және заңсыз пайдаланып жатқан жерлерді қайтару мәселелері талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қазіргі таңда қала аумағындағы пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан басталған жұмыстар нәтижесінде мақсатына сай пайдаланбаған 34 кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелері мен жер учаскелерін заңсыз иеленген 101 тұлғаға қатысты құжаттар тиісті шара қолдану үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Бұдан бөлек, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 866,4 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Жиында қаралған маңызды мәселеге қатысты қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, нысаналы мақсаты әртүрлі жерлерді игеру мақсатында жарияланатын конкурстарды тиянақты үйлестіруді міндеттеп, нысаналы мақсатына сай игерілмеген жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару жұмыстарын ширатуды жүктеді.
22 қараша 2024 ж. 226 0