Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Журналистер одағының 65 жылдық ғұмыры

Журналистер одағының 65 жылдық ғұмыры

Қазақстан журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Тұңғыш съез кезінде “Баспасөз туралы” деген тақырыпта баяндама жасалып, баспасөздің міндеттері айқындалды. Бұл кезде орыс тілінде 16, қазақ тілінде 12, ұйғыр тілінде 1 газет шығып тұрған. Съезд баспасөз қызметкерлерінің ұйымын құрып, оның Бүкілқазақстандық Орталық бюросын сайлады, төрағалығына Тұрар Рысқұловты бекіткен болады.
Қазір ҚР Журналистер Одағының Төрағасы - Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлы.
«Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы» – азаматтардың ұлтына, діни ұстанымына, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігіне қарамастан, қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да актуалды проблемаларын шешуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени процестерін БАҚ-тарда объективті және жан-жақты көрсеткісі келетін журналистердің қоғамдық бірлестігі.
ҚР ЖО – мемлекеттік және республикамыздың басқа да тілдерінде шығатын басылымдарға методологиялық және әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ, журналистика мен БАҚ-тарды дамыту мәселелеріне қатысты симпозиумдар, семинарлар, конференциялар өткізіп тұрады; Қазақстанда болып жатқан оқиғалар шетелдік баспасөзде толық және объективті түрде көрсетілу үшін шетелдік БАҚ өкілдеріне ақпарат алуға көмектеседі. БАҚ қызметкерлерінің тынығуын ұйымдастыруға қолдау көрсетеді.
13 қараша 2024 ж. 255 0