Топ-баннер
Топ-баннер2

Соңғы жаңалықтар

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексерілетін болады. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 миллионға жуық бала профилактикалық тексеруден өтеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында 3,8 миллион бала тексерілді.
"Сонымен бірге, 2025 жылдан бастап 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарды жұлын бұлшықет атрофиясы тасымалдаушыларына скринингтік тексеру енгізіледі", – деді министр.
Оның айтуынша, балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 1500 бала дамыту кабинеті және босану ұйымдарында 50 бақылау кабинеті жұмыс істейді.

"Соңғы 7 жылда біз санат бойынша мүгедектіктің азайғанын байқадық. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомалық ауытқулар 5,2 пайызға, жүйке жүйесі аурулары 1,7 пайызға, сонымен қатар жүйке-психикалық аурулар алдыңғы қатарға шықты. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізу, аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттаманы бекітумен байланысты", – деп толықтырды Әлназарова.
07 қараша 2024 ж. 303 0