Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов жетекшілік жасаған жұмысшы топ түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.


Рейд барысында жастар көп шоғырланатын компьютерлік ойын - сауық орындары, парктер, спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейд шарасына аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық қоғамдық даму бөлімі мен жастар ресурстық орталығының және білім саласының директорлары мен мамандары қатысты.
Рейд жұмыстары ауданға қарасты барлық елдімекендерде жүргізілуде.
01 қараша 2024 ж. 387 0