Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:
Бүгінгі күн Григориан күнтізбесі бойынша 303-ші күн, жыл соңына дейін 61 күн бар.
31 қазанда не болғанын білесіз бе?
31 қазанда қандай қызықты оқиғалар болдыҚазанның соңғы күні – бірнеше мерекені тойлауға қолайлы күн.
Бүгін ата-анаға алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл күні әсіресе өз ата-анаңа назар аудару өте маңызды. Күнделікті күйбің тіршілікте біз тіпті оларға қоңырау шалуды ұмытып кетеміз. Оларға көңіл бөліп қуантыңыз, себебі олар күн сайын сіздермен кездесуді күтіп, сағынып отырады. Сыйлық сатып алыңыз немесе бірге отырып шай ішіңіз, өйткені біздің ата-анадан жақын ешкіміміз жоқ.
Сондай-ақ бүгін ең жағымды мереке – Қашықтықтан сезім білдіру күні. Егер сүйікті адамыңызға сезіміңізді білдіргіңіз келсе, оны әртүрлі тәсілмен орындауға болады. Біреу құшақтасқанды жақсы көреді, енді біреуге сыйлық жасау маңызды, ал басқа біреу қашықтықтан сезім білдіруден рахат табады. Бір қызығы, қыздар жігітке көбірек көңіл аударғанды ұнатады, сондықтан олар екінші жартысына қашықтықтан жиі сезім білдіріп жатады.
Әрине, әлемнің көптеген елінде бүгін, Барлық әулие күні қарсаңында мистикалық мереке – Хэллоуин аталып өтеді.
Хэллоуинді атап өтудің көптеген қызықты дәстүрі бар. Балалар қорқынышты костюмдер киіп, көршілердің үйіне барып, америкалық фильмдердегі белгілі сөз тіркесі: "Кәмпит немесе өлім!" деп айтып, тәтті сұрайды. Хэллоуинде сондай-ақ үйді асқабақпен, жасанды өрмекші торымен және басқа да тақырыптық әшекейлермен безендіреді. Мұндай ортада қорқынышты әңгімелер айтылып, фильмдер тамашаланады.
31 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1892 жылы "Шерлок Холмстың бастан кешкендері" кітабы жарық көрді;1961 жылы Иосиф Сталиннің денесі Ленин кесенесінен алынды;
1985 жылы "Ария" рок тобының негізі қаланды;
2011 жылы Жер халқының саны 7 миллиардтан асты.