№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 23 наурыз қандай күн?

23 наурыз қандай күн?

Бұл Григориан күнтізбесінде 82-ші күн. Жыл соңына дейін 283 күн бар.
23 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын мына ақпараттардан білеміз.


Бүгін – Бүкіләлемдік метеоролог күні. Бұл дата 1950 жылдан бері 23 наурызда аталып өтеді. Мерекені БҰҰ қолдауымен Бүкіләлемдік метерология ұйымы бекітті. Халықаралық мерекенің әлемдегі маңызы өте зор. Метеорология күні әр ұжым салтанатты жиындар өткізіп, осы саладағы ардагерлермен кездесулер ұйымдастырады.

Сондай-ақ, бүгін – "Окей" (O.K. ) сөзінің туған күні. Алғаш рет бұл сөз 1839 жылдың 23 наурызында пайда болған деседі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бостондық "Morning Post" газетінде бұл сөз қате жазылған "
Бұған қоса, бүгін поляк-венгр достығы күні аталып өтеді. Мереке 2007 жылы пайда болды, Польша мен Венгрияда тойланады. Поляк және венгр халықтары арасында қалыптасқан тарихи достық құрметіне бекітілді.

23 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1841 жылы Лондонда Ричард Биэрд Еуропадағы алғашқы фотоательесін ашты;
1848 жылы Венгрия Австриядан тәуелсіздігін жариялады;
1956 жылы Пәкістан алғашқы ислам республикасы болып жарияланды;
1983 жылы кеңестік ғарыштық ультракүлгін телескопы – "Астрон" іске қосылды.

23 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Қазақстанның Литва Республикасындағы елшілігі ашылды;
2009 жылы Қызылорда облысында өңірдегі бірінші қыздар футбол командасы құрылды. "Жігер" командасының құрамына 1993-1994 жылғы қыздар кірді;
2010 жылы Мәскеудегі орта мектептердің біріне Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

23 наурызда Қазақстанда кімдер туды

1927 жылы филология ғылымының докторы, профессор, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әдебиет сыншысы Серік Қирабаев өмірге келді;
1949 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мырзахмет Мұқаманов туды.

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгінгі күнді жеке мәселелеріңізді шешуге арнаңыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз.
23 наурыз 2020 ж. 655 0